Абсцесс дегеніміз не – Абсцесс қазақша | KazMedic

Абсцесс қазақша | KazMedic

Абсцесс қазақша

Абсцесс – кез келген тіндердің, мүшелердің шектелген іріңді қабынуы.

Пайда болу себептері — қанталаумен асқынған кездейсоқ жарақаттар немесе хирургиялық инфекцияның ағзадағы іріңді ошақтардан лимфогенді, гематогенді жолмен таралуы. Абсцестердің тағы бір себебі — тіндерге концентрациясы жоғары дәрілерді (10% кальций хлор, 25% магний сульфат, 24% кордиамин, 50% аналгин ерітінділері) жұмсақ тіндерге  абайсызда қателесіп енгізу. Абсцесті жиі тудыратын қоздырғыштар — стафилококк, стрептококк, көкірің және ішек таяқшалары. Қабыну ошағында тіндер іріңдеп, ыдырайды, айналасында дәнекер тіндермен шектеліп, пиогенді капсула түзіледі. Беткейлі орналасқан абсцестер өз бетімен жарылып, сыртқа шығады. Ішкі органдардың іріңдіктері (өкпе абсцесі, ішекаралық абсцесс) плевра мен іш қуыстарына жарылса, плеврит және перитонитпен асқынады.

Абсцесстің орналасуы

Клиникалық көріністеріне келсек, теріге жақын орналасқан абсцесте қабынудың жергілікті белгілері (терінің қызаруы, ісінуі, жергілікті температураның көтерілуі, солқылдатып ауруы, ауырған мүшенің функциясының бұзылуы) айқын көрінеді, кейде тері жұқарып  флюктуация (бүлкілдеу) симптомы пайда болады. Абсцесс қуысындағы іріңнің түріне, консистенциясына, иісіне қарап қоздырғыштардың түрлерін анықтауға болады: сасық, сұр түсті ірің шірікті қабыну тудыратын микрофлораға тән болса, сарғыш — жасыл ірің стафилококқа, иісі тәтті, көкшіл — жасыл түсті іріңдікті  көкірің таяқшасы тудырады. Көлемді абсцесте  іріңді интоксикация (іріңді – резорбциялық қалтырау синдромы) салдарынан  науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріліп, әлсізденеді, тәбеті төмендеп, басы ауырады. Қан анализдерінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, лейкоциттік формула солға жылжып, ЭТЖ өседі. Абсцесті гематома, киста, ыдыраған қатерлі ісіктерден ажырата білу керек. Диагнозды анықтауда науқастың шағымдары, анамнезі, сырқаттың жергілікті және жалпы көріністеріне сүйене отырып, арнайы тәсілдерді қолданады. Ең нәтижелі тәсіл —  абсцесті пункциялап, алынған сұйықтықты бактериологиялық зерттеуге жіберу.  Ішкі мүшелер мен тіндерде терең орналасқан абсцестерді анықтап, пункциялау үшін ультрадыбыс, рентгендік зерттеулерді жиі қолданады.

Абсцестің емі: асептика заңын сақтай отырып, пункция жасау, іріңді эвакуациялау, қуыста тұрған иненің бойымен іріңдікті тіліп ашу, қуысын антисептик ерітінділерімен жуып, силикон түтікшелері, марля томпондарымен дренаждау. Жалпы ем хирургиялық іріңді инфекцияларды емдеу принциптеріне сәйкес жүргізіледі (қан, плазма құю, антибиотиктер тағайындау, иммундық терапия жүргізу).

kazmedic.org

Абсцесс — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің. Ағзалар мен тканьдерде қабыну салдарынан іріңнің шоғырланып жиналуы.Қою сары ірің сау ұлпаларды қоршап тұратын жасуша сыртындағы сұйықтықтан бөлініп тұрады. Іріңді ісікті кесу немесе жару іріңнің ағып кетіп, ісіктің қайтып, ауырсынуды басады. Ісікті тіліп, қуысты құрғатып емдеу және антибиотиктер тағайындау жараның тез бітуіне жағдай жасайды. Егер қан құрамына өтіп кетсе, басқа ұлпаларда іріңді ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.[1] Негізгі абсцестер: жұтқыншақ артындағы абсцесс; қатты таңдай абсцесі; мұрын үсті абсцесі; көз асты абсцесі; тіл жақ науашық абсцесі; тіл абсцесі; салқын абсцесс.

[2][3][4]Абсцессотомияабсцесс

ті ашатын хирургиялық операция.[5]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
  2. ↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  3. ↑ Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  4. ↑ Raz R, Miron D, Colodner R, Staler Z, Samara Z, Keness Y (1996). «A 1-year trial of nasal mupirocin in the prevention of recurrent staphylococcal nasal colonization and skin infection». Arch Intern Med 156 (10): 1109–12. doi:10.1001/archinte.156.10.1109. PMID 8638999. 
  5. ↑ Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5

kk.wikipedia.org

Тері абсцессі, шиқан, көршиқан > Архив

 

Емдеу тактикасы


Ем мақсаты: жараны тазалау, жараның тыртықсыз жазылуы.


Дəрі-дəрмексіз ем 
Сыздауық кезінде операция сирек жасалады. Бірақ іріңді-некроздық өзектің дұрыс шықпауына байланысты теріні өткір скальпельмен кеседі.


Сыздауықты кесуге болмайды, себебі іріңді инфекция қоршаған тіндерге жайылып кетуі мүмкін. Сыздауықтың ішіндегісін сығып шығаруға мүлдем болмайды жəне қабыну ошағының айналасына массаж жасауға тиым салынады.


Егер көршиқанды емдеуде консервативті ем нəтижесін бермесе, операция жасауға көрсеткіш — интоксикацияның өршуі болып табылады. Операция наркозбен жасалады, көршиқанды крест тəрізді тіледі, тілік бүкіл некрозданған тіндер арқылы өтіп, өміршең тіндерге дейін жүргізіледі, іспектер кесіліп жарылады. Натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісі, Вишневский немесе басқа антисептикалық жақпа майы бар таңғыштар қолданылынады.


Іріңді ісікті (абсцесті) ашу үшін анатомиялық құрылымдарды есепке ала отырып, ең қысқа жолды таңдайды.


Алдымен іріңді ісікті тесуге болады, сосын ине бойымен тінді тілеміз. Іріңді алып тастағаннан кейін тілікті кеңейтіп, некрозданған тіндерді кесіп алып тастаймыз. Пайда болған қуысты антисептикалық ерітінділермен өңдеп, антисептиктері, протеолитикалық ферменттері бар дəке тампондармен дренаж жасайды, сонымен қатар резина дренаж да жасауға болады. Дренаж дұрыс жасалмағанда негізгі тіліктен қосымша тілік (контрапертура) жасайды.

Алғашқы 2-3 күнде жараны күн сайын қайта таңады, кейін жара ірің мен некрозданған тіндерден тазарғаннан кейін сирек жақпамен таңуға көшеді. Кейбір жағдайда іріңді ісікті қасындағы сау тіндер арқылы кесіп алып тастап, жарадан белсенді түрде сұйықты сорып ала отырып (аспирация) бірінші тігіс салуға болады, бұл жараның тез жазылуына жəне  косметикалық жақсы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Дəрі-дəрмекті ем 
Қабынуға қарсы жəне иммунитетті ретке келтіретін, зат алмасуды жақсартатын əсері бар витаминдер беру ұсынылады: аскорбин қышқылы 5% -2,0 б/і №10-15, поливит 1 др. х 3 рет күніне, 10 күн.


Антибиотиктер микрофлораның сезімталдығына байланысты:

1. Феноксиметилпенициллин — 0,25 г 4 рет/тəул. (стрептококктық инфекция кезінде).

2. Амоксициллин/клавуланат — 0,375-0,625 г 3 рет/тəул.

3. Цефалексин 0,5-1,0 г 4 рет/тəул.

4. Цефуроксим аксетил — 0,5 г 2 рет/тəул. тамақ ішу кезінде.

5. Эритромицин 0,5 г 4 рет/тəул.

6. Оксациллин 1-2 г 4-6 рет/тəул. в/і, б/і.

6. Цефазолин 1-2 г 3 рет/тəул. в/і, б/і.

7. Фузиди қышқылы 0,5-1 г 3 рет/тəул. ішке.

8. Цефтриаксон 1, 0 г 1 рет/тəул. б/і.

9. Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 400 мг\тəул. — 7 күн (кандидоздың алдын алу үшін).


Жергілікті — негізінде мупироцин бар 2% жақпа май немесе крем, негізінде фузиди қышқылының натрий тұзы бар 2% жақпа май немесе крем.


Аурудың қайтпайтын ағымын, дермадағы қабыну процесінің дамуын жəне организмнің сезімталдығын ескере отырып, сезімталдыққа қарсы заттар тағайындалады: натрий тиосульфаты 30% — 10,0 в/і күн сайын №10-15.


Іріңді бөртпелі ауруларда шеткі қан айналымның жəне зат алмасудың бұзылатынын ескере отырып, никотин қышқылы 1% 1,0 б/і №10-15 тағайындалады (көмірсу алмасуын, микроциркуляцияны жақсартады, тамыр кеңейткіш əсері бар жəне тіннің қалпына келу қасиетін жақсартады).

 

Токсиндерді сорып алатын препараттар тағайындалады: активті көмір — 6 таб. таңертең аш қарынға 10 күн.


ОНЖ қозғыштығын азайту үшін тыныштандыратын заттар тағайындалады: тау жалбызының (пустырник) тұнбасы 20 там. х 3 рет күніне бір ай бойы.

 

Аурудың патогенезінде иммундік жетіспеушілік жағдай маңызды орын алатынын ескере отырып, организмнің қарсы тұру қабілетін қалпына келтіру үшін иммуномодуляторлар тағайындайды: метилурацил 500 мг х 3 рет күніне, 10 күн; метронидазол 250 мг х 3 рет күніне -10 күн. Ұйқы безінің, бауырдың, өт шығару жолдарының зақымдалуын қалпына келтіру үшін, арнайы емес қорғаныш факторларының бұзылуын реттеу үшін жəне қосымша патологиялардың болуына байланысты — панкреатин 1 капс. х 4 рет күніне, 10 күн тағайындайды.


Қанның реологиялық қасиетін жəне микроциркуляцияны жақсарту үшін — декстран 400 мл в/і 1 рет күніне, курстық мөлшері 800 мл. тағайындайды. Сыртынан жағуға бактерицидтік, антисептикалық препараттар — антибиотик жақпа майлар, анилин бояушыларының ерітінділері (метилен көгі, калий перманганаты, сутегі тотығы), қабынуға қарсы, терінің қоректенуін жақсартатын препараттар тағайындайды.


Профилактикалық шаралар: тазалық ережелерін сақтау, теріге дұрыс күтім жасау, толық тамақтану.


Əрі қарай жүргізу: жоқ.

 

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Аскорбин қышқылы ерітіндісі инъекция үшін 5%, 10% 2 мл, 5 мл ампулада

2. Феноксиметилпенициллин 500 мг табл.

3. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге

4. *Цефалексин 250 мг, 500 мг табл., капс.; суспензия жəне сироп 125 мг, 250 мг/5 мл

5. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл.; инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 750 мг флаконда

6. *Эритромицин 250 мг, 500 мг табл.; пероралді берілетін суспензия 250 мг/5 мл

7. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 1000 мг

8. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда

9. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг

10. *Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 150 мл — 10 мг\мл

11. *Натрий тиосульфаты инъекцияға арналған ерітінді 30% 5 мл, 10 мл ампулада

12. *Никотин қышқылы 50 мг табл.; ампуладағы ерітінді 1% 1 мл

13. *Активтелген көмір 250 мг табл.

14. Тау жалбызының (пустырник) тұнбасы 30 мл, 50 мл фл.

15. *Метилурацил 10% жақпа май

16. *Метронидазол 250 мг табл.; инфузияға арналған ерітінді 0,5 100 мл флаконда

17. *Панкреатин таблетка, капсула құрамында липаза 4 500 бірл. кем емес

18. *Декстран инфузияға арналған ерітінді 200 мл, 400 мл флаконда

19. *Метилен көгінің спирттегі ерітіндісі 1% 10 мл флаконда

20. *Калий перманганатының сулы ерітіндісі 1:10 000

21. *Сутегі тотығы 3% ерітіндісі 25 мл, 40 мл флаконда


Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.


Ем тиімділігінің индикаторлары:
операциялық жараның жазылуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар. 


diseases.medelement.com

Өкпе абсцессі — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Өкпе абсцессі

Өкпе абсцессі — пневмонияның асқынуынан іріңді инфекция қоздырғыштарының гематогенді, лимфогенді жолдармен немесе бөгде заттардың ауру жұқтыруы нәтижесінде өкпе ұлпасында дамуы.[1]

Өкпе абсцессі алдымен пневмониялық үдеріспен зақымданған өкпе паренхимасының іріңдеуінің нәтижесінде пайда болып өкпе тінінің ыдырау ошағымен сипатталады. Ең жиі абсцесс стафилококк,стрептококк микробтарының әсерінен пайда болады, сиректеу микроплазмалар саңырауқұлақтармен қоздырылған жіті пневмониялар кезінде байқалады. Осындай және басқа жағдайларда абсцесстің қалыпты суына бронхтың бөгде затпен немесе ісікпен бітелуі себепші болады. Өкпе паринхимасының іріндеу ошағы сонымен қатар кіші жамбас қуысы мен көк тамырларынан тромбофлебит кезінде анаэробтардың және оң жақ жүректегі инфекциялық эндокардит кезінде стафилококктардың гематогенді өкпе паренхимасына түсуінен және диафрагма астылық абсцестен инфекцияның жайылуы себепті пайда болуы әбден мүмкін.

Қарт және мосқал адамдардың цитостатиктермен емделуі, СПИД-пен ауыру кезіндегі организмнің қорғаныс реакцияларының төмендеуі бұл аурудың дамуының бірден бір себебі болып табылады. Науқастың клиникалық сипаттамасында өкпе абсцесі ағымының ерекшеліктерін көрсете отырып ірің ошағы бронхпен байланысты ма, әлде байланысыз ба деген жағдайларды ажыратқан жөн. Дренаж болмаған кезде науқастың жағдайы нашарлай түседі,өйткені ініңнің әсерінен интоксикациялық белгілері пайда болады:биік гектикалық ыстықтың көтерілуі тердің ағыл-тегіл шығуына әкеледі,кеуде қуысында қатты ауру сезімі білінеді.Науқастың қанын зерттегенде: лейкоциттер көбейеді,олардың сол жаққа қарай ығысуы байқалады.

[2]

Абсцесс дренаж арқылы бронхқа жарылып ірің сыртқа шыққанда, науқастың жағдайы әжептәуір жеңілденеді, дене қызуы басылады, қақырықты жөтел азаяды,қан аралас көп мөлшерлі сасық қақырық бөлінеді. Қақырықты микроскоп арқылы тексергенде,оның іріңді түрі дәлелденеді, ал бактериологиялық тұрғыда зерттегенде ішінен әдетте анаэробтар немесе аралас флора анықталады. Іріңнің плевра қуысына жарылуы өте қолайсыз,ол кезде ыдыраудан шыққан заттардың күшті сорылуымен байланысты интоксикация күшейеді,қан айналымы жетіспеушілігі айқын біліне түседі.

Іріңде абсцестер кейде қабатына жақын орналасқан кезде,физикалық тексеру арқылы өкпеде тығыздалу синдромының белгілерін табуға болады.Кеуде клеткасына сәйкес жағы дем алуға кешігіп қатысады,перкуторлық дыбыс тұықталады,бронхиалдық тыныс пайда болады.Абсцесс жарылып,іріңнен босағанда,перкуторлық дыбыс тұйық тимпаникалық болып өзгереді,ірі көпіршікті айқын дыбысты сырылдар пайда болады.Рентгенологиялық өзгеріс қайта тексергенде инфильтратта ыдырау аймағы байқалады,сол сияқты жоғарғы шекарасы көлденең орналасқан қуысты анықтауға болады.

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
  2. ↑ Ішкі аурулар пропедевтикасы,Айтбембет Б.Н,Алматы-2009

kk.wikipedia.org

Өкпе абсцесі мен гангренасы | KazMedic

Өкпе абцессі мен гангренасы хирургиялық емі

Абцесс дегеніміз, іріңнің қуыста оқшауланып жиналуы. Өткір абцесстің жан жағында үнемі өкпе тіндерінің қабыну инфильтрация аймағы болады.

Гангрена дегеніміз, қан айналымының бұзылуынан және улы заттардың әсерінен өкпе тінінің некрозға ұшырауы. Айқын шекарасы болмайды. Клиникалық көрінісі өте ауыр түрде өтеді және адам өміріне қауыптілігі жоғары.

Өкпе мен плевра ауруларының халықаралық жіктелуі:

Қабынбалы іріңді аурулары:

  1. Өкпе абцессі
  2. Өкпе гангренасы
  3. Бронхоэктатикалық ауруы
  4. Плевра эмпиемасы
  5. Пиопневмоторакс

Абсцесстің этиологиясы: В.И. Стручков, 1986 ж.

  • Пневмания түрлері — 60%, жиі крупозды
  • Тұмау аурулары — 10%
  • Аспирационды характер- 10%
  • Лимфагенді — гематогенді – эмболиялық қалдықтары -1%
  • Басқа себептер — 19, жарақаттар

Өкпе абцессінің жиі қоздырғыштары болып табылады:

  • Стафилококк;
  • Пневмококк;
  • Ішек таяқшасы;
  • Протей;
  • Фриндляндер таяқшасы;
  • Bact. fragilis;
  • Bact. melaninodenicus
  • Peptococcus
  • Peptostreptococcus
  • Бактероидтар

Эпидемиологиясы: Өкпе абцессі мен гангренасы ер адамдарда- 85%, әйел адамдарда-15-20% кездеседі.Еңбекке жарамды кезеңде -80-90% 20 мен 50 жас аралығында. Басты бронхтың орналасуына байланысты, жиі оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі зақымданады.

Өкпе абсцессы  – бейспецификалық өкпе тінінің қабынуы, нәтижесінде іріңді – некротикалық аумақ түзілуі байқалады. Өкпе аумағына қоздырғыштар бронхогенді жолмен енеді. Алтын стафилококк, грамм теріс аэробты бактерия және спора түзбейтін анаэробты микроорганизмдер ең жиі себебі болып табылады. Ауыз бен жұтқыншақта қабыну процессі байқалса (пародонтоз, тонзиллит, гингивит) өкпе тінінің инфицирленуі жоғарылайды. Алкогольды масаю кезінде, ессіз жағдайда құсық массаларымен аспирация немесе бөгде денелермен аспирация да өкпе абсцессына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда қоздырғыш өкпеге қан арқылы енеді. Екіншілік бронхогенды инфицирлену өкпе инфарктісі кезінде болуы мүмкін, өкпе артериясының бір тармағының эмболиясына байланысты. Аурудың бастапқы сатысында өкпе тінінің қабынбалы инфильтрациясы арқылы көрініс береді. Кейін инфильтраттың орталықтан периферияға қарай, іріңді еруі байқалады, нәтижесінде өкпеде кеңістік пайда болады. Біртіндеп кеңістіктің жан – жағындағы аумақ жойыла бастайды, ал кеңістіктің өзі грануляциялық тінмен қапталады. Инфекциялық процесс әсерінен кеңістік фиброзды қабырғалы болса, іріңді процесс ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. (созылмалы өкпе абсцессі)

Өкпе абсцессінің жіктелуі

Этиологиясы бойынша қоздырғыш түріне байланысты жіктеледі. Патогенезі бойынша қалай зақымдалу жолына байланысты:

  • бронхогенды
  • гематогенды
  • травматикалық

Өкпе тінінде орналасуы бойынша:

  • Орталық
  • Перифериялық

Қауіп қатер факторлары:

  • Қант диабеті бар адамдар
  • Созылмалы маскүнемдікпен ауыратын адамдар

Клиникалық көрінісі

Өкпенің жедел абцессінің клиникасы екі сатыда өтеді:

  1. Абцессті бронхқа ашуға дейін (Жабық кезең)
  2. Абцессті бронхқа ашудан кейін (Ашық кезең)

Абцессті бронхқа ашуға дейінгі диагностикасы: Пневмонияға тән белгілерімен жедел басталуы.

  • Қалтыраумнен сипатталатын дене қызуының жоғарылауы.
  • Тершеңдік
  • Кеуде торындағы ауырсыну
  • Шырышты боліндімен ауыр жөтелу.
  • Перкуторлық дыбыстық тұйықталуы (зақымданған аймақта)
  • Тыныс алу әлсіреген.

Ауру екі сатыдан өтеді абсцесс түзілу сатысы және іріңді аймақтың ашылу кезеңі.

Іріңді аймақ түзілу кезеңінде кеуде тұсында ауырсыну байқалады, ауырсыну тыныс алу және жөтел кезінде, қызба кезінде күшейе түседі, құрғақ жөтел, ентігу, дене температурасының жоғарылауы болады. Бірақ, кейбір кездерде клиникалық көріністері әлсіз байқалады, алкоголизм кезінде ауырсыну мүлде болмайды, ал температура сирек субфебрильды деңгейге дейін жетеді. Ауру дамуына қарай интоксикация симптомдары үдейді: бас ауру, тәбет жоғалту, жүрек айну, жалпы әлсіздік. Визуальды қараған кезде зақымдалған кеуде тұсы тыныс алу кезінде қалып отырады немесе егер зақымдалу екі жақты болса, кеуде торының қозғалысы асимметриялық болады. Бірінші кезең орташа есеппен 7-10 күнге, бірақ кейде 2-3 аптаға дейін созылады немесе керісінше де болуы мүмкін 2 – 3 күнде екінші кезең басталады.

Екінші кезеңде аумақтың ашылуы және іріңдіктің бронх арқылы ағуы байқалады. Қызба кезінде жөтел сұйық бола бастайды, көптеп қақырық бөлінеді. Бір тәулікте 1 литрге дейін іріңді қақырық бөлінеді және ірің көлемі өкпедегі аумаққа байланысты. Қақырық шыққан соң, қызба және интоксикация симптомдары азаяды, науқастың жағдайы жақсарады және қан анализі де жақсы көрсеткіш береді. Кезең бойынша ауру әрқашан байқала бермейді, егер дренаждаушы бронх кіші диаметрлі болса, қақырық та аздап бөлінеді. Егер ауру себебі шірікті микрофлора болса, қақырықтың сасық иісінен науқас ортақ палатадан бөлектенеді. Қақырық ыдыста ұзақ тұрса, үшке бөлінеді:  төменгі қою және тығыз сұр түсті қабат, ортаңғы қабат сұйық іріңді қақырық сілекей аралас, ал жоғары қабатында көпіршікті серозды сұйықтық болады.

Асқынулары: Егер процесске плевра аумағы және плевра қатысса, онда абсцесс іріңді плевритпен және пиопневмоторакспен асқынады, тамыр қабырғаларының іріңді еруі кезінде өкпелік қан кету байқалады. Инфекция гематогенді жолмен таралса, абсцесс басқа мүшелерде де болуы мүмкін және бактериемиялық шок дамиды. Ауру кезінде летальдылық 5-10% құрайды.

Абцессті бронхқа ашудан кейінгі диагностикасы:

  • Өте көп мөлшерде «ауыз тола» қан араласа шығатын какырыкты жөтел.
  • Инфекцияға байланысты қақырык нашар иісті болуы мүмкін.
  • Какырык 3 қабаттан тұрады: 1. төменгі қабаты-іріңнен 2. ортаңғы қабаты-сарғыш тартқан сұйықтықтан 3. жоғарғы қабаты — көбіктен.
  • Температура түседі, қалтыраулар жоқ.
  • Кеуде торындағы ауырсыну синдромы жылдам басылады.
  • Бронхиалды дыбыс тындалынады, кейде амфорикалық оттенк және дымқыл сырылдар.
  • Жалпы жағдайы жақсарады.

Өкпенің жедел іріңді абцессін диагностикалау:

  • Қакырықты зерттеу, цитологиялық зерттеу.
  • Кеуде торына екі проекцияда ренгенография жасау.
  • Томография
  • Ультрадыбысты зерттеу
  • Бронхоскопия
  • Бронхография (абсцессография)
  • Компьютерлі томография.

Өкпенің жедел іріңді абцессінің емі:

Консервативті емі: Кең спектрлі антибиотиктерді көктамырға енгізу. Иммунотерапия: ронколейкин, интерлейкин-2, иммунофан, пентоглобин. Антистафилоккокты плазма.

  • Консервативты терапия төсектік режим, науқасқа дренаждық қалып жасау ( күніне 10-30 минут қақырық шығуы үшін)
  • Антибактериалды терапия
  • Аутогемотрансфузия
  • Бронхоскопия (бронхоальвеолярлы лаваж)
  • Хирургиялық ем

Постуральды дренаж – денені көп мөлшерде какырык бөлінетіндей етіп орналастыру. Диаметрі 6 см-ден үлкен абцесс кезінде хирургиялық араласусыз консервативті ем тиімсіз.

 

Оперативті емі: Антибактериялды және бронхолитик заттарды енгізу үшін микротрахеостомия жасау. УДЗ-дің көмегімен абцессті трансторакальды дренаждау. Созылмалы түрге ауысқан жағдайда сегментэктомия -зақымданған өкпеге резекция жасау.

Болжамы және алдын алу.

Ауру асқынумен болса, жазылу 6- 8 аптадан соң болады. Спецификалық аурудың алдын алу шарты жоқ. Бейспецификалық аурудың алдын алуға өз уақытында пневмония, бронхитты емдеу, созылмалы инфекция ошақтарына санация, тыныс жолдары аспирациясының алдын алу, алкоголизммен күресу.

Өкпе гангренасы

Өкпе гангренасы – оны шектейтин қабаты болмай іріңді деструктивті тіндер одан әрі дамып, таралауы.

Өкпе гангренасының этиологиясы:

  • Бактероидтар
  • Фузобактериялар,
  • Анаэробты кокктар
  • Ішек таяқшасы
  • Протей.

Өкпе гангренасының клиникалық көрінісі

  • Ауру басталуының өткір түрде болуы
  • Науқастың жағдайының ауырлауы: көгеру, ентігу, тахикардия, ҚҚ төмендеуі.
  • Дем шығарған ауадағы жағымсыз иіс «абсцессті бронхқа ашқаға дейінгі кезеңде».
  • Анемия дамиды.
  • Гемолитикалық сарғаюлар
  • Кеудедегі ауырсыну сезімі.
  • Перкуторлы дыбыстың тұйықталуының кең көлемде.

Емдеу:

  • Интенсивді улануға қарсы ем.
  • Анаеробты инфекцияға арналған антибактериальды ем.
  • Трамбоэмболиялық асқынуларға қарсы тура әсерлі антикоагулянттар.
  • Плевра қуысын дренаждау пульмон — немесе лобэктомия науқастарды құтқарады.
  • Өкпенің іріңді аурулардың таралуы өте іжоғары: абсцессте — 4%, жайылған гангренада -50% және одан да көп.

Дренаждау (англ. Drain — қазақша құрғату) әр түрлі қуысты ағзлардың жарақаты кезіндегі сұйықтықтарды шығару әдісі. Дренаждауды әр түрлі диаметрлі резенке, хлорвинилді түтікшелер арқылы және басқа да резеңке немесе марлыдан жасалған затты абсцесс қуысына, плевраға енгізу арқылы жүзеге асырады. Химиялық және биологичялық жағыннан инерттілігі жоғары болу қажет. Ірің, бүлінген жасушалар, микроорганизмдер сол арқылы арнайы ыдысқа немесе таңғышқа шығып отырады. Сонымен қатар, дренаж арқылы жараға немесе іріңді ортаға антисептикалық препараттар, антибиотиктер, протеолитикалық ферменттердің ерітіндісін енгізуге болады.

Плевра қуысын троакардың көмегімен дренаждау: а) плевра қуысына пункция жасау, б) дренажды троакардың канюлясы арқылы өткізу, в) троакар канюлясын алып тастау, г) дренажды фиксациялау

Плевра куысын іріңді плеврит кезінде дренаждау: а) қантоқтатқыш қысқыш арқылы дренажды енгізу; б) дренажды бекіту

Бюлау әдісі бойынша плевра қуысын дренаждау

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1.  Өкпеге жасанды тыныс алдыру
  2. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ХОБЛ)
  3. Өкпе аускультациясы
  4. Балалардағы өкпенің даму ақаулары
  5. Өкпе перкуссиясы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия
  6. Өкпеден қан кету кезіндегі жедел жәрдем
  7. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)

 

kazmedic.org

Параапанкреатит: себептері, белгілері және емі

Панкреатит – бұл әртүрлі асқынулардың пайда болуымен бірге жүретін патология. Бұл пацостояния қоршаған тіндердің қысылуының пайда болуы, ұйқы безінің тіндеріндегі деструктивті процестер, инфекцияның қабыну ошағына еніп кетуі арқылы туындауы мүмкін.

Жедел панкреатитте бұзылулардың пайда болуы өте тез жүреді. Мұндай жиі бұзушылықтар панкреонкроздың фокусындағы деструктивті процестердің дамуының салдары болып табылады. Созылмалы панкреатит болған кезде бұл бұзылулар бірнеше жыл бойы өте баяу дами алады.

Көптеген бұзушылықтар емдеу кезінде хирургиялық араласуды талап етеді. Ереженің пайда болу сәтіне байланысты олар екі топқа бөлінеді – ерте және кеш. Сонымен қатар, жіктеу негізгі аурудың пайда болуына байланысты асқынуларды локализациялау арқылы жасалады.

Патология дамуының негізгі бағыттары бойынша жіктелу кезінде келесі сорттар бөлінеді:

  1. Жалпы – барлық іш қуысын, асқазан безінің және парапандратикалық талшықты жабады.
  2. Локализацияланған және орган – ұйқы безімен функционалдық байланыстары бар жеке органдардың зақымдалуы.

Анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне байланысты медициналық мамандар ішкі және сыртқы қабыну патологиясын ажыратады. Ерте асқынулардың пайда болуы аурудың дамуының алғашқы күндерінде туындайтын агрессияның бастапқы және қайталама факторларының әсерінен туындайды. Кейінгі патологиялар некротикалық фокустарда балқу процестерімен байланысты. Жиі микробтық фактор мен жергілікті іріңді-қабынуға қарсы көріністің дамуы.

Көптеген дәрігерлер бұзушылықтарды функционалдық және органикалық болып бөледі. Асқазанның асқынуының функционалды түрі консервативті әдістермен өңделеді. Органикалық – күрделілігімен емдеуге арналған, осы мақсат үшін шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық араласулар қолданылады.

Ең кең тарағандардың бірі – ретроперитоналдың ұлпасының қабынуы және ретроперитональдық ұлпаның немесе іш қуысының панкреативті абсцессі.

Парапанкреатит дегеніміз не?

Парапанкреатит – панкреатиттің ең жиі кездесетін жерсіндірілген асқынуы.Бұл ретроперитоналдық панкреатиялық целлюлитке әсер ететін патология.

Ұйқы безінің қабын

kk.diabetes-education.net

Абсцесс

TR | RU | UK | BE | EN |
абсцесс, абсцесс при ангине
Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің. Ағзалар мен тканьдерде қабыну салдарынан іріңнің шоғырланып жиналуы.Қою сары ірің сау ұлпаларды қоршап тұратын жасуша сыртындағы сұйықтықтан бөлініп тұрады. Іріңді ісікті кесу немесе жару іріңнің ағып кетіп, ісіктің қайтып, ауырсынуды басады. Ісікті тіліп, қуысты құрғатып емдеу және антибиотиктер тағайындау жараның тез бітуіне жағдай жасайды. Егер қан құрамына өтіп кетсе, басқа ұлпаларда іріңді ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін. Негізгі абсцестер: жұтқыншақ артындағы абсцесс; қатты таңдай абсцесі; мұрын үсті абсцесі; көз асты абсцесі; тіл жақ науашық абсцесі; тіл абсцесі; салқын абсцесс. Абсцесс

Абсцессотомияабсцессті ашатын хирургиялық операция.

Дереккөздер

  1. ↑ Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
  2. ↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  3. ↑ Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  4. ↑ Raz R, Miron D, Colodner R, Staler Z, Samara Z, Keness Y (1996). «A 1-year trial of nasal mupirocin in the prevention of recurrent staphylococcal nasal colonization and skin infection». Arch Intern Med 156 (10): 1109–12. doi:10.1001/archinte.156.10.1109. PMID 8638999. 
  5. ↑ Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5

абсцесс, абсцесс, абсцесс головного мозга, абсцесс головного мозга, абсцесс горла, абсцесс горла, абсцесс легких, абсцесс легких, абсцесс легкого, абсцесс легкого, абсцесс лечение, абсцесс лечение, абсцесс на попе, абсцесс на попе, абсцесс после укола, абсцесс после укола, абсцесс при ангине, абсцесс при ангине, абсцесс ягодицы фото, абсцесс ягодицы фото


Абсцесс Туралы Ақпарат




Абсцесс Пікірлер туралы

Абсцесс
Абсцесс
Абсцесс Сіз қарап жатырсыз субъектісі

Абсцесс бұл, Абсцесс кім, Абсцесс сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

www.turkaramamotoru.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *